Тоқаев: Биыл қатаң шектеу шараларын болдырмауымыз керек
Тоқаев: Биыл қатаң шектеу шараларын болдырмауымыз керек
146
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте Қазақстан 2020  жылы қатаң шектеу шараларын болдырмауы тиіс екендігін айтты.  Президенттің айтуынша, билік өкілдері азаматтармен үнемі ашық сөйлесуі керек, проблемалар туралы ашық және нақты айтып, оны шешу жолдарын ұсынуы тиіс.
"Бизнес өкілдері мен азаматтар жағдайдың өзгеруі санитарлық нормаларды және алдын алу шараларын сақтауға байланысты болатынын түсінуі керек. Шынайы және оң сценарий бойынша биыл қатаң шектеу шараларын болдырмауға біздің шамамыз жетеді және оны болдырмауымыз керек.  Пандемиямен бірге күресуіміз керек. Үкімет және өңір әкімдері менің барлық тапсырмамды мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуі тиіс ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.