Салық есебін тапсырудың балама әдістері енгізілді
Салық есебін тапсырудың балама әдістері енгізілді

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық есептілікті өңдеу жүйесі» (СЕӨЖ) АЖ – «Бухгалтерлік ERP-жүйелерден салық есептілігі нысандарын электронды түрде ұсыну үшін ашық API-интерфейсі» жаңа электрондық сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша API-сервис ҚР ҚМ МКК АЖ-не салық есептілігі нысандарын ұсынудың балама тәсілі.                                                                                                

Бұл жаңашылдық www.kgd.gov.kz сайты арқылы салық есебін тапсырушылар легін азайтып, сәйкесінше, сайтқа түсетін жүктеменің төмендеуін қамтамасыз ете алады.

Аталған API-сервиске ERP-жүйелерді қосу үшін салық төлеушінің ақпараттық жүйесін СЕӨЖ АЖ – мен интеграциялау бойынша Келісім (Бұдан әрі-келісім) жасасу қажет.
Келісім жобасы, сондай-ақ ұсынылатын API-сервистің форматтары мен схемаларының сипаттамасы ҚР ҚМ МКК порталында api.service мекенжайы бойынша орналасқан.

СЕӨЖ АЖ жаңа электрондық сервисін пайдалануға қатысты анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.