Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-07.10.2020

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-07.10.2020

"Қазгидромет" РМК 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

"Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын  тудырған Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. Алайда, циклонның артына кезекті антициклон жылжып келеді, онымен жауын-шашынның тоқтауы және еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы күтіледі",- делінген хабарламада.