Мемлекет басшысы Путинді туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Путинді туған күнімен құттықтады
94
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.  Мемлекет басшысы Ресей Президентін туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Владимир Путиннің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша айтарлықтай табысқа жеткенін, беделді мемлекет мәртебесіне ие болғанын, сондай-ақ, әлемдік  және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара түсіністікті күшейтуге зор үлес қосқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді. Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің коронавирус пандемиясымен күрестегі іс-қимылдарын үйлестірудің маңызды екені сөз болды. Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі әскери қақтығыстарға қатысты ахуалды талқылады. Сонымен қатар Қырғызстандағы оқиға жөнінде пікір алмасты.  Мемлекеттер басшылары бауырлас елдердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тезірек тұрақтанатынына үміттенетінін айтты. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге зор денсаулық және Ресейдің игілігі жолындағы қызметіне жаңа табыс тіледі.