Қазақстанда Кавасаки синдромынан екі бала қайтыс болды

Қазақстанда Кавасаки синдромынан екі бала қайтыс болды

Қазақстанда мультисистемалық қабыну синдромынан (Кавасаки синдромы) екі бала қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.

«45 бала мультисистемалық қабыну синдромына шалдыққан. Олардың ішінде екі бала 1 жасқа толмаған. 1-5 жас аралығында – 11 бала, 5-17 жасқа дейін – 28 бала бар.  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл аурудан 2 бала қайтыс болды», - деді ол.
Оның айтуынша, елордада 11 бала, Ақмола және Қарағанды облыстарында, Алматы қаласында - 5 жағдай, ШҚО-да және Шымкент қаласында - 3 жағдай, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде тағы да 2 жағдайдан, Алматы қаласы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облысында бір жағдайдан тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта 38 бала жазылып шықты. Біреуі стационарда әлі де емделіп жатыр.