Ирландия мемлекеті климатың өзгеруінің алдын алудың жаңа жоспарын ұсынып отыр. Бұл – күніне 60 мыңнан артық ағаш егу.
Ел үкіметі бұл жоспарын биылғы маусым айында жариялап, жылына 19 768 акр (жер өлшемі) орман алқабын құруды уәде еткен.
Жоспар бойынша бұл ағаштардың 70%-ы қылқан жапырақты, қалған 30% ашық түсті жапырағы бар орманды алқап болады.
Негізінен қолда бар ауылшаруашылығы жерлерінің әр гектарына 2 500 қылқан жапырақты ағаштар мен 3 300 жай жапырақты өсімдік егілмек.