Нұрлан Смағұлов автокөліктен велосипедке ауысып «мінді»
Нұрлан Смағұлов автокөліктен велосипедке ауысып «мінді»
179
оқылды

Қазақстандық велоспорт федерациясының жаңа президенті сайланды, – деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Дархан Калетаев Қазақстан велоспорт федерациясының президенті қызметінен кетіп, орнына белгілі бизнесмен Нұрлан Смағұлов сайланды.

Конференцияның кеңейтілген отырысы барысында Федерация мүшелері бірауыздан ҚВСФ президенттігіне Смағұловтың кандидутарсын лайық көріп, дауыс берді. 

Айта кетейік, федерация президентінің өкілеттік мерзімі төрт жыл. Осыған дейін ұйымға басшылық жасап келген Дархан Калетаев наурызда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.