Америкалық Boeing авиациялық корпорациясы мен немістің спорттық автокөлік өндірушісі Porsche ұшатын электромобиль жасауды және «трафикті әуе кеңістігіне ауыстыруды жоспарлап отыр» ,–деп хабарлайды CNN.
Бұл толық электрленген ұшу,қону функциясын атқаратын көлік құралы болады деп хабарланды.
«Біз болашақта болашақ нарықтың негізгі сегментін қарастыру үшін екі жетекші әлемдік компанияның күшін біріктіреміз. Болашақта бұл саяхаттың үшінші өлшеміне көшу дегенді білдіреді»,– деді Porsche директорлар кеңесінің мүшесі, сату және маркетинг жөніндегі директор Детлев фон Платен.
Әзірге екі компанияның ресми мәлімдемесінде ұшатын электромобильдің құны немесе ұшатын уақыты туралы ақпарат айтылмаған.