Ресейде снарядтар қоймасы өртеніп, оқ-дәрі жарылып жатыр
Ресейде снарядтар қоймасы өртеніп, оқ-дәрі жарылып жатыр
Рязань қаласы маңындағы әскери бөлімнің аумағында снарядтар қоймасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Ресейдің Батыс әскери округі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Желтухино елді мекені маңындағы қоймада жана бастаған шөптен таралған.
«Қатты жел соғып, өрт артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау алаңына жайылды. Әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру бөлімі отпен күресіп бақты, алайда өртті тоқтату мүмкін емес еді. Қазіргі уақытта әскери бөлімнің техникалық аумағында оқ-дәрілердің жарылып жатқанын байқауға болады», - деді баспасөз қызметі.
Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, қызметкерлер мен жеке құрам эвакуацияланды. Қазір ТЖМ келген өрт сөндіру топтарымен бірге өртті оқшаулау және сөндіруге кірісті. Куәгердің айтуыншағ жанып жатқан қоймалардан үш шақырым жерде орналасқан Кузьминка-2 ауылының тұрғындары эвакуацияланған.
«Жарылыстарға байланысты Кузьминка-2 елді мекенінің тұрғындары эвакуацияланды. Ауылда барлығы 35 үй бар, онда 24 адам тұрады», - дейді ауыл басшысы.