Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты.
Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында білім ошақтарында 4360 көшет отырғызылды. Б.Сағынтаев Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды.Аталған екі мектепте 600-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, 4360 түп акация, қарағай, катальпа, үйеңкі, шағала көшеттерін отырғызды.
«Жоғары сынып оқушыларымен бірге ата-аналардың да шыққаны қуантады. Демек, олар қоршаған ортаның жай-күйіне немқұрайлы қарамайды деген сөз. Сондықтан да болар олар біздің үндеуімізге үн қатып, көгалдандыру жұмыстарына құлшыныспен кірісті. Олар өз ағаштарын күтіп, суғаратын болады»,– деді Б.Сағынтаев.