Қостанай облысында елік атқандар ұсталды
Қостанай облысында елік атқандар ұсталды
246
оқылды
Қостанай облысында үш Сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары рейд кезінде Әулиекөл ауданына қарасты Басаман орман алқабы маңынан ВАЗ-21214 маркалы автокөлігі тоқтатады. Көлікте Рудный қаласының тұрғындары болған.
«Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері сібір елігінің үш терісін және тіркелмеген аңшылық қарудың екі данасын тапты. Оларда жануарларды атуға рұқсат құжатының жоқ екені анықталды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Биологиялық, баллистикалық және трасологиялық сараптамалар тағайындалды»,- дейді Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің аға инспекторы Хазретәлі Әлімғазин.
Алдын ала шығын 250 АЕК-ке жетіп отыр, бірақ нақты шығын сомасы биологиялық сараптамадан кейін анықталады.