Алматы облысындағы түрмеде түнде педофилдер мен кісі өлтіргендер төбелескен
Алматы облысындағы түрмеде түнде педофилдер мен кісі өлтіргендер төбелескен
142
оқылды
Алматы облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталған 15 адамдың арасында төбелес шығып, салдарынан үш адам жарақат алды. Дәрігерлер олардың жағдайы орташа ауыр деп отыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Оқыс оқиға ЛА-155-те 14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде болған. Түрме басшыларының айтуынша, тұтқындағылар өзара тілтабыса алмай, арты жаппай төбелеске ұласқан.

Жанжал 20 мен 22 жас аралығындағы сотталушылар арасында туған. Олар негізінен педофил, адам өлтіру, ұрлық баптарымен түрмеге тоғытылғанған. Жаға жыртысқандар бір-біріне қару ретінде орындықты пайдаланыпты. Тәртіпсіздікті басу үшін сырттан Ұлттық гвардия мамандарын шақыртылыпты.
«Он бес сотталғандар бір-бірімен тіл табыспай, бір-бірін түсінбеген. Осыған орай ерегістер басталған. Ерегіс барысында мекемедегі өздері қолданып жүрген орындықтарды лақтырған. Құралдарға қиянат жасаған. Ол бойынша заң талаптарына сәйкес олардан өндірлетін болады. Қазір Қапшағай қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - деді ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінің бөлім бастығы Сәбира МЫҢБАЕВА.
Заң бұзғандар тәртіптік изоляторға жабылған. Жанжалдан жарақат алған үш жазасын өтеуші қазір Қапшағай қалалық ауруханасында ем қабылдауда.
«Қапшағай қалалық ауруханасына ЛА 155/13 мекемесінен аурулар келіп түсті. Оның екеуінің жағдайы орташа ауыр халде болды. Оларға ота жасалды. Бірінің қолына, екіншісінің бетіне ота жасалды. Бүгінгі күні жағдайлары қалыпты. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Қапшағай қалалық ауруханасының баспасөз хатшысы Айна МҰҚАНОВА.
Жауаптылар түрмеде жағдайдың тұрақталғанын айтты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін колонияға арнайы прокурор мен қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілдері келгенін мәлімдеді. Сондай-ақ бұл жағдай бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталған. Қызметтік тексеріс барысында қақтығыстың нақты неден пайда болғаны анықталмақ. Мамандар бассыздыққа жол бергендердің кінәсі дәлелденсе, жаза үстіне жаза арқалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.