Александр Винокуров әлем чемпионы атанды
Александр Винокуров әлем чемпионы атанды
180
оқылды

Vesti.kz-тің жазуынша, Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионы болды.

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров 45-49 жас аралығында IRONMAN әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.  Үлкен триатлонда маусымның басты жарысы Коне (Гавай, АҚШ) қаласында өтіп жатыр. Винокуров Ironman ең басты турнирінде әлем чемпионы бас жүлдесін иеленді. Ол 3,8 шақырымды 1:09:06-да жүзіп өтіп, 148-орын алды. Винокуров велоспедпен жарыс кезеңінде өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Александр 180 шақырымды 4 сағат 21 минут 6 секундта бағындырды. Осы жарыста қазақстандық спортшы көшбасшы болды. Жүгіру кезеңі, марафон кезінде, Винокуров 3 сағат 12 минут 17 секундта мәреге жетті. Жарыстың үш кезеңіне жұмсаған уақыты 8:48:24. Өз жасындағылар арасында ол үздік атанды. Жалпы қатысушылар арасында Винокуров 43-ші болды.