Денис Теннің сценарийі бойынша Тимур Бекмамбетов түсірген «Слепая любовь» атты фильмнің алғашқы тизері жарық көрді.
Денис Теннің анасы Оксана Тен: «Фильмнің премьерасы келесі жылы болатын шығар. Әзірге қай уақытта өтетінін нақтыламадық. Фильм Голливудта түсірілді. Танымал Голливуд актерлары түсті. Кішігірім тизер турнир кезінде көрсетілетін болады», — дейді.
«Слепая любовь» – бұл диджитал құрылғылар арқылы түсірілген қыз бен жігіт жайлы оқиға. Тимур Бекмамбетовтың BAZELEVS компаниясы фильмді коммерциялық мақсатта түсірмеген.