Тоқаев азаматтарды сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды

Тоқаев азаматтарды сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды

Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. Мемлекет басшысы бұл тапсырманы коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңес барысында айтқан.