Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкердің отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкердің отбасына көңіл айтты
196
оқылды

Ақорданың жазуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Президент Қазақстан халқы және өз атынан ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының екі дүркін батыры Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

«Алексей Архипович өз ісінің нағыз шебері, әлемдік космонавтикада аты аңызға айналған тұлға еді. Ол Байқоңыр айлағынан ұшып, адамзат тарихында тұңғыш ашық ғарышқа шықты. Батыр Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, бұған дейін өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасады» делінген жеделхатта.