Тоқаев Алматы облысына келді

Тоқаев Алматы облысына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", - деп жазды ол.