Ұлттық қор толыққанның орнына "жүдеп" барады
Ұлттық қор толыққанның орнына "жүдеп" барады
110
оқылды
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ұлттық қордың валюталық активтері қыркүйек айының соңында 1,4 миллиард долларға азайып, 57,3 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.  
- Ұлттық қордың көлемінің төмендеу себептерінің бірі қыркүйек айында бюджетке 230 миллиард теңге көлемінде кепілдендірілген трансферттер бөлу жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін Ұлттық қордың 551 миллион долларға жуық валюта активтері сатылды. Сонымен бірге мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасының сақталуына байланысты қорға түскен валюта түсімдерінің көлемі небары 43 млн долларды құрады, - дейді Молдабекова.
  Ұлттық банк бұл жағдайды COVID-19-дың екінші толқыны туралы үрей нарықтағы бағаларды қыркүйек айында төменге қарай кетуімен, MSCI дамыған елдердің ғаламдық қор нарығының әлемдік индексі 3,6% -ға төмендегенімен түсіндіреді.  
- АҚШ долларының нығаюына байланысты мемлекеттік облигациялар портфеліндегі кіріс минусқа кетіп, 0,68% теріс кірісті көрсетті. Қыркүйек айында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс болды және минус 850 миллион долларды құрады. Жыл басынан бері қордың жалпы инвестициялық кірісі оң күйінде қалып отыр және шамамен 1,5 миллиард долларды құрайды, - деді Молдабекова.