ЮНЕСКО жеңімпаз деп таныды
ЮНЕСКО жеңімпаз деп таныды
139
оқылды

Назарбаев зияткерлік мектептері ЮНЕСКО Wenhui Award — 2019 жылдың сыйақысын жеңіп алды.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикаттың қолы қойылған құттықтау хаты келген.   

Криста Пикаттың хатында: «Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен – Сіздердің ұйымдарыңыздың ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 сыйақысын жеңіп алғандарыңызды хабарлаймын» делінген.

Назарбаев Зияткерлік мектептері — ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстандағы бірден-бір білім ордасы.

Wenhui Award-тың мақсаты — университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

ЮНЕСКО сыйақысы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі.

Финалда жүлдеге үміткерлер арасында Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланка елдерінің беделді университтері болды.