Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүреді

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүреді

Елордада жексенбі, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайтын болады,- деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы. Компанияның мәліметінше, ауа райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елордамыздың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

«Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.