Қазақстанда «Рамстор» супермаркеттер желісі жабылады
Қазақстанда «Рамстор» супермаркеттер желісі жабылады
243
оқылды

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Стамбұл қор биржасындағы көпшілікке арналған ақпарат платформасында «Рамстор Қазақстан» ЖШС компаниясының құрылтайшысы Migros Ticaret A.Ş. «Компанияның дамуы мен келешектегі нарықтағы орнына назарға ала отырып, «Рамстор Қазақстан» ЖШС-нің бөлшек сауда операцияларын қайта бағалау жүргізілді».

Сол кезде 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Migros Ticaret A.Ş. шоғырландырылған сатылымының үлесін «Рамстор Қазақстан» ЖШС-і 0,8% құрайды екен. [caption id="attachment_78234" align="alignnone" width="720"]рамстор ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

«Қазақстанда жұмыс істейтін 1 дүкенді сатуға және 6-ын жалға беру, сондай-ақ осы дүкендердің жабдықтары мен қорын сату туралы келіссөздер жүргізіле басталды. Аталған дүкендерді Қазақстандағы өзге  монополияға сату немесе жалға беруге келісім жасауға да болады», - делінген хабарламада.

Компания инвестиция көп салынған «Рамстор Қазақстан» ЖШС-ның қызметін Алматыдағы Ramstore All In көпфункционалды кешені арқылы жүргізілетінін жеткізді. Әлеуметтік желіде Алматыдағы Маметов көшесіндегі және Назарбаев даңғылының бойындағы Ramstor Express супермаркетінің жалға беру туралы хабарландыру пайда болды. Хабарландыруда бұл мекеменің супермаркеттің жабылуына байланысты жалға берілетіні айтылды. Тіпті, супермаркет толығымен жабдықталған аспаздық шеберханасы мен техникалық құралдары да жалға берілетіні хабарланған.