Ақтаулық қыз америкалық өнімнің жарнамасына түсті (видео)
Ақтаулық қыз америкалық өнімнің жарнамасына түсті (видео)
166
оқылды
Ақтаулық қыз Әсел Қалағанова шашқа арналған америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті. Ол ел ішінде альбинос қыз ретінде танылған еді. 
Бір минуттық бейнекроликте Ақтаудан бөлек, еліміздің басқа да әдемі жерлері түсірілген. Операторы – кино индустриясындағы танымал клипмейкер Азамат Дулатов. Видео әлеуметтік желіде жариялана салысымен желі қолданушыларының оң бағасын алды.
Ақтаудағы Қалағановтар отбасындағы ерекше екі қыз дүниеге келген. Әсел мен Камиланың арасы 13 жас. Жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Бір қызығы, олардың бауыры Алдиярда мұндай ерекшеліке жоқ. Жаратылысы бөлек қыздар бүгінде көптің назарында. Мәселен, Әсел Қалағанова 10 жасынан модельдік мектепте оқып, бірнеше рет жарнама түскен. [embed]https://youtu.be/IqJfK-yaeMw[/embed]