Алматылық оқушылар сабаққа қашан барады?
Алматылық оқушылар сабаққа қашан барады?
111
оқылды
Онлайн брифинг барысында қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Алматы мектептері қашан дәстүрлі оқыту форматына көшетінін мәлімдеді.
«Бұл процесс кезең-кезеңімен жүзеге асады. Бірінші кезеңде барлық санитарлық шараларды қатаң сақтай отыра штаттық режим бойынша 1-4 класс оқушылары мектепке оралады. Екінші кезеңде 5-11 класс оқушылары барады», - деді Қайрат Жұманов.
Оның айтуынша, бұл мәселе қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен біріге отырып қарастырылады. Қазір қалада 271 мыңнан астам оқушы 207 мемлекеттік мектепте оқиды. 16 мыңнан астам оқушы 66 жеке меншік мектепте білім алып жатыр.