Түркияның Сирияда жүргізіп жатқан әскери операциясына байланысты Германия үкіметі Анкараға қару-жарақ жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы ГФР СІМ басшысы Хайко Мас Bild am Sonntag басылымына берген сұхбатында айтты.
«Түркияның Сирияның солтүстік-шығысына басып кіруіне байланысты ФРГ үкіметі Түркия Сириядағы мақсаттарына қолданбауы үшін Түркияға қару-жарақ жеткізуді тоқтатады», - деді СІМ басшысы. НАТО мүшесі Түркия Германиядан қару-жарақ алуда ірі импорттаушы саналады.
Германиядан кейін бірден Франция да Түркияға қару-жарақ экспортын дереу тоқтатты. Екі елдің СІМ басшылары хабарлағандай бұған түрік әскерінің Сирияның солтүстік-шығысына басып кіру себеп болды. Бұл өз кезегінде Еуропаның қауіпсіздігіне де ықпал етеді деп мәлімдейді министрлер.
Еске салсақ өткен аптада Түркия Сирияда Анкара ресми лаңкес деп танитын Күрдістанның жұмысшы партиясына қарсы «Бейбітшілік қайнары» атты әскери операция бастады.