Альварес Головкинмен үшінші рет қолғап түйістіруге қарсы емес
Альварес Головкинмен үшінші рет қолғап түйістіруге қарсы емес
158
оқылды

Боксшы Сауль Канело Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет қолғап түйістіруге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Бұған дейін қос боксшы екі рет Лас-Вегаста шаршы алаңға шыққан еді. 2017 жылы қыркүйекте өткен бірінші шайқас екі қарсыластың да үлесіне шешілмеді. Ал 2018 жылы мексикалық боксшының асығы алшысынан түсті.

Головкинмен екі рет қолғап түйістіріп, 24 раунд өткізгендерін алға тартқан Альварес «Мен оны жеңдім, ол маған үндеу бола алмайды» деді. «Дегенмен Головкин – жақсы бизнес. Егер ол маған көңілге тартымды ұсыныстар айтса, мүмкін үшінші рет шаршы алаңға шығармыз», деді мексикалық боксшы.