Алматыда барахолкаға баратын жол жабылады
Алматыда барахолкаға баратын жол жабылады
Қалалық мобильділік басқармасынның мәлімдеуінше, қозғалыстың шектелуі «Адем» сауда үйінің алдындағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Еске салайық, қазіргі уақытта мұнда жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары жүріп жатыр.
"Солтүстік айналым көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінің арқалықтарын құрастыруға байланысты Рысқұлов даңғылынан Москвин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу мерзімі 11 қазанда 23.59-дан басталады, ал 12 қазанда 06.00-де аяқталады", - делінген хабарламада.