Nur Otan Trends-те жақында ғана өткен праймериздің қорытындысы туралы пікірталас өтті. Ел тарихында тұңғыш рет өткен партияішілік праймериздің басым бағыттары сөз болып, партия хатшысы алдағы сатылар туралы толыққанды жауап берді.
Дәстүрлі түрде өтетін талқылауға Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазбек Байгелдинов, Жақтаушылар лигасының жетекшісі Ерлан Саиров пен партияішілік праймериз қатысушылары келді. Алдымен модератор Нұрмұхамед Байғара праймериздің қорытындысына тоқталып, алдағы этап қандай қағидалардан тұратыны жайында сұрақты талқыға салды. Аталған сауалға Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей жауап берді. «Праймериздің бірінші сатысы аяөталды. Жалпы рейтингтен бөлек, ережеге сәйкес, әйелдер арасындағы, оған қоса 35 жасқа дейінгі жастардың рейтингін жарияладық. Ережеге келсек, бірінші сатыда 82% аудан мен қала мәслихатты тізімі праймериз арқылы іріктелді. Рейтингі жоғары азаматтар тізімге енеді. 18%-ын жергілікті бюро айнықтайды. Яғни, ол квото арқылы берілетін мандатты анықтайды. Ескерер дүние, әр партиялық тізімге ережеге сайкес 35% әйелдер мен 20% жастар кіруі керек. Келесі саты – аудандық конференциялар. Конференция нәтижесінде партия тізімі бекітіліп, ауданнан облысқа, мәжіліске ұсынылатын рейтингі жоғары азаматтар дебатқа қатысады. Ол онлайн форматта өтеді. Жабық рейтинг жүргізіліп, жоғары дауыс жинаған азаматтар келесі сатыға өтеді. Ал мәжіліске келсек, жағдайды мысалмен түсіндірейін. Мәселен, Шығыс Қазақстанда 20 өңір бар. Мұнда рейтингі жоғары азаматтар облыстық конференцияға өтеді. Сонда ашық дебатқа қатысып, үздік шықса облыстың атынан партиялық мәжіліс тізіміне енеді. Конференция барысында делегаттар дауыс беретінін ескеру қажет. Делегаттар дегеніміз – өңірдегі абыройлы, белсенді азаматтар мен партия мүшелері. Делегаттар саны өңірдегі халық санына байланысты» дейді Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей. Партияшілік праймериз қатысушысы журналист, медиа-волонтер Әлия Әбсеметова 2367 дауыс алған. Ол сайлауға түскен ауданында 10 жыл тұрғанын баяндады. Әлеуметтік желі ықпалы мен оффлайн кездесулер жайын да айтты. Одан ары талқылау мұғалімдер мен дәрігерлердің праймеризге қатысуы жайында өрбіді. Бұған саясаттанушы Ерлан Саиров мысал келтіре отырып, жауап берді.Айбике Жанасыл