Қостанайда тұрғын үйде газ шығып, 45 адам эвакуацияланды

Қостанайда тұрғын үйде газ шығып, 45 адам эвакуацияланды

Қостанайда диаметрі 100 миллиметр болатын құбырдан шыққан газ салдарынан 3 қабатты тұрғын үйдің жабыны өртенді.

Аlau.kz. мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама сағат 7 қазан күні 17:29-да түскен. Тәуелсіздік көшесіндегі газ құбыры мен тұрғын үй жабыны өртеніпті. Өрт сөндірушілер 45 тұрғынды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады. Өрттің ауданы 6 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау 17:53-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнына 14 қызметкер мен 3 өртке қарсы қызмет техникасы жетті.