Әблязов Парижде қамауға алынды
Әблязов Парижде қамауға алынды
140
оқылды
Қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязов Парижде тұтқындалды. Ол екі күн түрмеде отырып, көп ұзамай бостандыққа шықты. Әблязов өзінің желідегі парақшасына ұлы мен қызының түрмеден күтіп алғаны туралы суретін жариялаған.

Экс-банкирге Қазақстанда қозғалған іс бойынша 7,5 миллиард доллар жымқырған деген айып тағылғаны туралы Radio Free Europe басылымы Әблязовтың қорғаушысына сілтей отырып хабарлады. Қорғаушының айтуы бойынша, қазір Әблязов соттың қадағалауымен босатылған. Бірақ Париж прокуратурасына Қазақстаннан шағым түскен.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Әблязов 20 жыл сырттай бас бостандығынан айырылған. Бұған дейін батыстық журналистер Мұхтар Әблязов пен Храпуновтар отбасын қоса алғанда ақша аударған ірі әлемдік банктерге жүргізілген тергеу нәтижелерін жариялаған болатын. БАҚ-тың хабарлауынша, Әблязов 666 миллион долларды шетелдік банктерге аударған.