Түркістан облысы оқушыларына планшеттер таратылды
Түркістан облысы оқушыларына планшеттер таратылды
172
оқылды

Түркістан облысында 501 237 бала оқитын 912 орта мектеп бар. Оның ішінде 446 109 (89,0%) оқушылар қашықтан оқытуға көшті. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

Оқушыларды қашықтан оқытуды қамтамасыз ету бойынша жүргізілген мониторингке сәйкес облыста 79 214 оқушыға компьютерлер мен планшеттерге деген қажеттілік анықталды. Қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында компьютерлер мен ноутбуктар негізінен аз қамтылған және көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және арнайы білімге мұқтаж отбасыларға таратылатын болады.