Жапонияда тайфун: 36 адам қаза тапты
Жапонияда тайфун: 36 адам қаза тапты
144
оқылды

Жапонияда «Хагибис» тайфуны салдарынан 36 адам қаза тауып, 186-сы жарақат алды, ал 15-і із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

12 қазаннан 13 қазанға қараған түні болған қатты жел мен жауын-шашынның соңы тайфунға ұласып, ондаған өзен арнасынан асып кетті. Токио маңынан Ниигата, Жапон теңізі жағалауларына дейін сел жүрген.

Жапон БАҚ таратқан ақпарға сәйкес апаттан 136 үй сусыз қалса, төрт мыңнан аса тұрғын үй жарықсыз отыр.

Жергілікті полиция мен құтқару қызметі іздеу-құтқару операцияларын жалғастыруда. Аудандарда зардап шеккен тұрғындар эвакуациялық орталықтарда қалды.