Щучье қаласында дәмхана өртеніп, 26 адам эвакуацияланды
Щучье қаласында дәмхана өртеніп, 26 адам эвакуацияланды
114
оқылды
Ақмола облысының Щучье қаласында дәмхана өртеніп, 26 адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Бүгін Щучье қаласындағы «Экспресс» дәмханасының шатырынан өрт шықты. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. Ғимараттың ішінде болған 26 адам (персоналдар мен келушілер) өздері эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы себеп болған», - дейді ведомстводан.