Мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды
Мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды
201
оқылды
Сайлау кезінде Есіл ауданы бойынша 160 адамның ара­сын­да үздік 30-дыққа ендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды. Праймеризге қатысу арқылы көптеген іскер адам­дармен таныстым, мол тә­жірибе жи­нақтадым. Тың идея­ларды жүзеге асыруға мүм­кіндік алдық. Сондықтан бұл доданың мен үшін маңызы жо­ғары. Пікірсайысқа да алғаш рет қа­тыс­тым. Онда кандидат­тар­мен мем­лекетімізді дамыту­дың маңызды бағытын, эко­но­мика мәселелерін талқы­ла­дық. Барлық қатысушының тың идеялары, жобалары, бастамала­ры тыңдалды. Әр­қайсысы елімізді дамытуға бағытталған бағдарлама­ларын ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, праймериз өзіңді сынап қана қой­май, пайдалы адамдармен, ең бас­тысы, өз саласының ма­ман­дарымен танысудың та­ма­ша тәжірибе алаңы болды біз үшін. Ұйымдастырушылық жа­ғынан барлық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұсынған бағ­дарламамды алдағы уақытта жүзеге асыруға бар күшімді са­ламын. Осы орайда, мені қолдаған адамдарға, дауыс бергендер жандарға алғысым­ды білдіремін.  

Элина ПАУЛИ,  «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары