Сайлау кезінде Есіл ауданы бойынша 160 адамның арасында үздік 30-дыққа ендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды. Праймеризге қатысу арқылы көптеген іскер адамдармен таныстым, мол тәжірибе жинақтадым. Тың идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Сондықтан бұл доданың мен үшін маңызы жоғары. Пікірсайысқа да алғаш рет қатыстым. Онда кандидаттармен мемлекетімізді дамытудың маңызды бағытын, экономика мәселелерін талқыладық. Барлық қатысушының тың идеялары, жобалары, бастамалары тыңдалды. Әрқайсысы елімізді дамытуға бағытталған бағдарламаларын ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, праймериз өзіңді сынап қана қоймай, пайдалы адамдармен, ең бастысы, өз саласының мамандарымен танысудың тамаша тәжірибе алаңы болды біз үшін. Ұйымдастырушылық жағынан барлық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұсынған бағдарламамды алдағы уақытта жүзеге асыруға бар күшімді саламын. Осы орайда, мені қолдаған адамдарға, дауыс бергендер жандарға алғысымды білдіремін.
Элина ПАУЛИ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары