Қордаланған мәселелердің түрлі шешімі ұсынылды
Қордаланған мәселелердің түрлі шешімі ұсынылды
113
оқылды
Әрине, праймеризге қатысу­шылардың сайлауалды бағдар­ла­маларының бәрін бірдей жүзеге асыру мүмкін болмаса да, бұл дода біздің бір бағытқа қарай бет ал­ғанымызды көрсетті. Осы тұрғыда «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген жақсы сөз еске түседі. Дәл осы праймериз ел тірлігіне білек сыбана араласқан әрбір азаматтың жақсы бастамасы халықтан қолдау табарына сөзсіз дәлел болған секілді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты электоратпен кездесудің басым бөлігі онлайн форматта өткен­діктен, кейбір сәттерде кері байла­ныстың болмағаны сайлауалды бағ­дар­ламаны толық ашуға кедергі келтіргені рас. Аталған мәселе ұйымдастыру жұмыстарына да айтарлықтай кесірін тигізгені тағы бар. Десе де, көппен көрген ұлы той. Праймериз, менің ойымша діттеген мақсатына жетті.  

Динара СӘДУАҚАСОВА, республикалық «Жас ұлан»  бірыңғай балалар мен  жасөспірімдер ұйымының төрайымы