Сиырлар айыпты болды
Сиырлар айыпты болды
173
оқылды
Алғашқы клиенттер де бар: 8 қазан күні Әйтеке би ауданының Талдысай ауылында қараусыз жайылып жүрген малға арналған айыппұл тұрағына жергілікті тұрғындардың 12 сиыры орналастырылды. Учаскелік полиция инспекторы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» деп аталатын 408-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Аудандық полиция  бөлімі бастығының бірінші орын­басары Мадияр Акентайдың айтуынша, жайылып жүрген малдың жанында бақташы болмаған.
– Біріншіден, жайылымда қараусыз жүрген мал қаскүнемдер үшін оңай олжа. Екіншіден, еркін жайылымдағы үй жануарлары жол қозғалысына кедергі келтіреді.  Үшіншіден, жайылымнан өз бетімен кетіп қалған малды іздестіруге полицияның үлкен күші жұмыл­ды­рылар еді, – деді Мадияр Акентай. Сондықтан Ақтөбе облысының полицейлері тұрғындарды малды жайылымға бақташысыз жібермеуге шақырады.
 

Елдос СЕНБАЙ