Еліміздің оңтүстік аймақтарында -5 градусқа дейін үсік жүреді
Еліміздің оңтүстік аймақтарында -5 градусқа дейін үсік жүреді
5,102
оқылды
Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан толассыз жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы мүмкін.

Еліміздің тек шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағандының күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі, ал түнде кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады. Түркістан, Қызылорда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, ал түнде  Алматы облыстарында да 1-5 градус үсік күтіледі.