Атырауда 1200-ден астам шөп орамы өртеніп кетті
Атырауда 1200-ден астам шөп орамы өртеніп кетті
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің  мәліметінше, шабындықтағы шөпті жинау барысында өрт шыққан.
«Жылыой ауданының «Манас» шаруа қожалығында 28 шөп орамы, Құрманғазы ауданы, Жапырық ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында жиналған 6 шөп орамы, Байда ауылдық округінің Батпақ көпір учаскесіндегі «Төреғалиева» шаруа қожалығында 1200 шөп орамы жанып кетті. Сондай-ақ, Индер ауданы, Есбол ауылдық округінде тіркелген «Амандос» шаруа қожалығында 50 шөп орамы, Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылындағы №57 үйдің ауласында тұрған 18 шөп орамы да өртенді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.