Бізбен бір топта ойнаған Ресей құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды (видео)
Бізбен бір топта ойнаған Ресей құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды (видео)
5,147
оқылды

Черчесов шәкірттері жалпы есепте 26:1 есебімен жеңіске жетіп, жетінші жеңісті қатарынан олжалап отыр

Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Қазақстанмен бір топта өнер көрсеткен Ресей құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алып үлгерді.

Бірер күн бұрын Кипр құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін ресейліктер құрлықтық додаға қатысу құқығын иеленді. Жалпы, Черчесов шәкірттері жалпы есепте 26:1 есебімен жеңіске жетіп, жетінші жеңісті қатарынан олжалап отыр. Олардың құрғақ сериясы 350 минутқа жетті.

Құраманың қаһарманы, сөз жоқ – Артем Дзюба. Ол 8 кездесуде 9 гол соғып, голдар саны бойынша Роман Павлюченкодан (24) асып кетті.

Енді Ресей құрамасы Бельгия мен Сан-Марино құрамаларына қарсы ойнайды. Егер Бельгияны 2:0 немесе 3:1 есебімен жеңіп, Сан-Мариноға мейлінше көп гол соғатын болса, топтағы бірінші орынды да еншілеп қалуы мүмкін.

Іріктеу кезеңінде Ресей құрамасы Қазақстанмен екі рет ойнап, «Астана-Аренада» 0:4 есебімен жеңсе, өз жерлерінде 1:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы 10 қазан күні Кипрден 1:2, ал Бельгиядан 0:2 есебімен жеңілді. Сөйтіп, Еуропа чемпионатына шығудың мүмкіндіктерінен толықтай айырылды. 

https://youtu.be/Aa6tWu0rEj8