Луиза Глюк – Нобель сыйлығының иегері
Луиза Глюк – Нобель сыйлығының иегері
103
оқылды
Марапат «қайталанбас поэ­тикалық дауыс, адамның жеке уа­йымын адамзаттық дәрежеге жеткізгені» үшін тағайындалды. Жалғыздық, оқшаулану, қалау, жарақат – ақынның өз өлеңдерінде көтеретін тақырыбы осындай. Марапаттау рәсімі Нобель коми­тетінің YouTube арнасында көр­сетілді. Луиза Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте Аустрия-Венгриядан шыққан еврейлердің отбасында туған. Ол Сарра Лоуренс кол­леджінде және Колумбия уни­верситетінде оқыды, бірақ сол күйі диплом ала алмаған.  Кейінірек Уильямстаундағы Уильямс кол­леджінде ағылшын тілінен сабақ берді, сонымен қатар Йельс, Бостон және Айов университеттерінде оқы­тушы болды. Глюк – Американың өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Америка ақындары ака­демиясының канцлері (1999), көп­теген марапат иесі, оның ішінде поэзиясы үшін Пулитцер сыйлығы (1993) мен Уоллес Стивенс пре­миясын (2008) иеленген. Қазіргі уақытта Массачусетс штатындағы Кембриджде тұрады.  

Абылайхан ЖҰМАШ