Димаш сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді
Димаш сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді
108
оқылды
Бұл туралы DimashNews сайты мәлімдеп отыр.
 «9 қазан күні MTV-дің ресми YouTube каналындағы тікелей эфирде Димаштың тағы бір бейнебаяны көрсетіледі. MTV-дің ресми YouTube каналы тұңғыш рет 2 қазан күні Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» шығармасының көрсетілімін берген болатын. Ол үлкен көрсеткішке ие болды. Әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру нәтижесінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді», - делінген хабарламада.
Еске салсалсақ, MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетілді. Осылайша, Димаш – MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш әнші болды.