Никотин мен темекі бойынша форум қатысушыларының пікірталасы қай бағытқа бет алуда?
Никотин мен темекі бойынша форум қатысушыларының пікірталасы қай бағытқа бет алуда?
5,143
оқылды

Соңғы жылдары алғаш рет елдегі темекі шегушілер санының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізген - Англия мемлекеті

АҚШ-та темекі және никотин жөніндегі жүздеген ғалымдар, темекі саласы мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан жаһандық форум өтті (GTNF), қатысушылар темекі шегумен күрес әдістерін ғана емес, сонымен қатар біздің өмірімізге берік енген жаңа құбылыс – тәуекелі төмен альтернативті өнімдерді (электронды темекі және темекіні қыздыру жүйелері) талқылады.

Форум қатысушылары никотинді тұтынудың баламалы зияны аз тәсілдері туралы «көп жалған ақпарат» бар екенін атап өтті, сондықтан темекі шегушілерге альтернативті өнімдердің қасиеттері туралы ақпаратты нақты әрі шынайы жеткізу орынды.

Әлемге әйгілі кардиолог-дәрігер, Грекиядағы Онассис атындағы кардиохирургия орталығының қызметкері Дәрігер Константинос Фарсалинос баламалы өнімдер бойынша нақты заңнаманың болмауы тұтынушылардың емес, қара нарықтың оң жаңбасына келетіндігін атап өтті. Ақпараттық вакуум жағдайында адамдар тек электронды темекіні ғана емес, сонымен қатар қарасорадан алынатын құрамында тетрагидроканнабинол (ТГК) бар майды да іздей бастайды.

«Біз вейпинг пен табакты қыздыру жүйесіне қатысты толық дезинформациямен бетпе-бет келіп отырмыз, біз халықты қорғамаймыз, себебі тұтынушыларға жеткілікті ақпарат бермейміз. Әлемде балама өнімдерге қатысты нақты ережелер жоқ, сондықтан адамдар сапа бақылауы қарастырылмаған қара нарыққа барады» деді Константинос Фарсалинос.

Ал АҚШ жобаларын басқару Институтының медициналық кеңесшісі Майкл Франзон никотинді жеткізудің электр жүйелері (электронды темекі және темекіні қыздыру жүйелері) дәстүрлі темекі шегуден туындайтын денсаулыққа зиянды азайту мәселелерінде үздік одақтастар болып табылатынын атап өтті. Әлемде аты орнықты маман орынды заңнама мен тәуекелге бағдарланған реттеу кезінде электронды темекі және темекіні қыздыру жүйесі темекі шегуге қарсы күресте тамаша құрал бола болады деп санайды.

«Біз бұл өнімдер зиянсыз деп айтпаймыз, никотин адам денсаулығына әсер етеді, бірақ альтернативті өнімдер дұрыс қолданылғанда аз тәуекел әкеледі. Ал мәселе көптеген елдерде олардың реттелмеуінде. Мысалы, Құрама Штаттарда адамдар қара нарыққа шығып, ТГК бар сұйықтықтар мен заттарды, немесе құрамы белгісіз басқа да нәрселерді сатып алады, себебі ешқандай бақылау немесе сапаны бақылау мүлдем қарастырылмаған» деп ескерте атап өтті Майкл Франзон.

Мамандар халықтың денсаулығын қорғау үшін балама өнімдерді реттеу және олардың ағзаға әсері туралы ақпараттандыру қажет деген пікірге келді. Бірақ дәстүрлі темекі шегумен салыстырғанда өнімнің зияны азырақ деген қағиданы негізге ала отырып, оны сауатты жасау керек, дей тұра ол тұтынушылар үшін қолжетімді болуы үшін қатаң реттелуі тиіс. Бұл жағдайда балама өнімдерді темекі шегушілер үшін тартымды ету үшін тәуекелге бағытталған реттеуге көшкен елдерді еске түсіру орынды. Соңғы жылдары алғаш рет елдегі темекі шегушілер санының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізген Англия, сондай-ақ Грекия, Чехия және ЕО басқа да елдері осындай мемлекеттер арасында. Тағы да бірқатар мемлекеттерде мәселе талқылану сатысында тұр, GTNF форумы қатысушыларының пікірлері әрине, дұрыс шешім қабылдауға көмектесе алады. Тәуекелі төмен альтернативті өнімдер бойынша жоғары елдерге ұқсас позицияны позицияны игермеген елдерге Қазақстан да жатады.