Еліміз өзінің тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалыптастыру дәуірінен онымен тарихи сабақтастықта дамудың жаңа дәуіріне өту қарсаңын абыройлы атқаруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі атты Жолдауында: «Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада беделге ие болдық. Сондықтан әлемнің жаңа болмыс-білім қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институционалдық реформаның негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы-күресті күшейтуге міндеттіміз» - дей келе, ол үшін мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдерді қабылдау мен олардың орындалуындағы жауапкершілік жүйелеріне көзқарасты өзгерту қажеттігіне, жаңа болмыстағы экономикалық дамуға, аумақтық дамуды теңдестіруге, азаматтардың әлеуметтік игіліктерін қамтамасыз ету басымдығына білімнің қолжетімді әрі сапалы болуына, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, экология мен биоәртектілікті қорғауға, әділетті мемлекеттің азаматтар мүддесін көздейтініне, барлық реформалардың базалық элементі-цифрландыру екеніне, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы болмысын қалыптастыру өзектілігіне ел назарын аударды. Міне, осы бағыт-бағдарларды, мақсат-міндеттерді халқымыздың бүгінгі болмысының деңгейін одан әрі арттыру ниеті деп білеміз. Ал олардың жүзеге асуында мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары шеңберінде саяси партиялардың, сондай-ақ азаматтық қоғамның, жұртшылық пікірінің белсенділігі аса қажет. Бұл-біздің еліміздің саяси-әлеуметтік бет-бейнесі, демократиялық сипаты. Бұлар еліміздегі жетекші саяси партия Нұр-Отан партиясының да алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті сайлауына қатысудағы Алматы қалалық филиалының сайлауалды Бағдарламасының мазмұнының өзегіне салынған негіздер. Олар өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өмірге қолайлы өңір жасау, әлеуметтік бағдарланған өңір құру, жастар үшін жағдайлар жасалған өңір, бай тарихы мен мәдениеті бар өңір, жергілікті органдардың ашықтығы және есептілігі, қауіпсіз өңір тағы басқа конструктивтік мәселелерден түзілген. Олар партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен ұсынылып бекітілген партияішілік праймериздің тестілік индекстерінің құрылымында қамтылған. Бұл праймериз партия қатарына мықты, білікті кандидаттарды іріктеумен бірге, алдағы ҚР Парламенті сайлауына да ел мүддесіне риясыз аянбай қызмет ететін, қабілет-білігі сай кандидаттар ұсынуды көздейді. Осы мақсатта алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі Мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындайтын праймериз биыл 17 тамыз бен 3 қазан аралығында сапалы дәрежеде өтті. Онлайн дауыс беру 1 қазан сағат 00:00-ден 3 қазан 14:00-ге дейін жоспарланған болатын. Алайда, Primaries ақпараттық жүйесіндегі техникалық бұзылыстар мен ақауларға байланысты, праймеризді өткізу жөніндегі орталық ұйымдастыру комитеті дауыс беруді 4 қазан сағат 14:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. 3 қазанда 8:00-ден 14:00-ге дейін партия мүшелері 4 сайлау учаскесіне келіп дауыс беру мүмкіндігіне ие болғанын атап өткім келеді. «Елімізде праймериз өткізу-бұл билікке жаңа адамдарды, яғни өз саласының мамандарын, беделді көшбасшыларды, ел тағдыры үшін алаң болып, дұрыс шешім қабылдай алатын және өзінің пікірі бар, нақты ұсыныстар жасай алатын азаматтарды тарту. “Нұр-Отан” партиясы «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасын қабылдады. Осы орайда бұл партияаралық сайлау нағыз әлеуметтік лифт болмақ» -деп көрсетті Елбасы өз Үндеуінде. Нұр-Отан партиясының кеше ғана Алматы қалалық филиалында 1-3 қазанда өткізілген праймериз сайлауының төртінші кезең дауыс беру кезеңінде партия мүшелерінің еркін құпия онлайн формасындағы дауыс беруі нәтижесінде партияішілік іріктеу көрініс тапты. Праймериз өз талаптарына сай келетін, кандидаттарды анықтап, оларға мемлекеттік органдардағы лауазымдарға, партия органдарының орталық және аумақтық деңгейлеріне өту, Мәжіліс пен Мәслихаттардың депутаты болу мүмкіндіктерін ұсынды. Праймериз мазмұны “Нұр-Отан” партиясының Алматы қаласы филиалы бойынша алдағы 5 жылға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жобасына сәйкес құрылды. Оларда негізінен, басты да басым мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ негізгі проблемалық мәселелерді жергілікті жерде шешу жолдары қамтылған. Праймериз барысында Алматы қаласын дамыту бағдарламасына партия мүшелері белсенді қатысқанын атап айту керек. Кандидаттар мен талқылауға қатысқан партия мүшелерінің тарапынан түскен пікірлер мен ұсыныстар басшылыққа алынатын бағдарламаларды одан әрі пысықтау назарға алынды. Бұның өзі праймериздің сындарлы диалог сипатында өткенін айғақтайды. Қаламыздың праймеризінде мобильді қосымша арқылы дауыс беру https://primaries.kz/ порталы арқылы дауыс беру, учаскеде онлайн дауыс беру форматтары арқылы өнімді түрде жүзеге асты. Ұйымдастыру комитеттері және байқаушылар топтарының оның өткізу ережелерін сақтау міндеттіліктерін мұқият атқару нәтижесінде праймериз демократиялық сайлау талаптарына сай өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ жалпы ережелерде талап етілген «Нұр-Отан» партиясының праймеризін өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын-алу жөніндегі талаптар мұқият ескерілді. Праймериздің барлық кезеңдерінде қатысушылар медициналық немесе матадан жасалған бетперделердін, қолғаптарды, залалсыздандыру құралдарын пайдалануды кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталынды, қол алысу және тікелей байланыстың басқа да нысандары орын алған жоқ. Бұл талаптардың үгіт жұмысы кезінде де орындалуы қамтамасыз етілді. Үгіт жұмысының шеңберінде жария пікірсайыстарын онлайн форматта немесе 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізу, флаерлер мен буклеттерді тарату, кандидаттардың партия мүшелерімен кездесулерін әлеуметтік желілердегі бейнеконференциялар арқылы ұйымдастыру шарлары жалпы сайлау ережелеріне сай жүзеге асырылды. Бұл сақтану әрекеттері байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне де міндеттелінді. Бір сөзбен айтқанда, Алматы қаласында праймериз сайлауында сайлаушылар мен кандидаттардың, байқаушылардың, БАҚ санитарлық-медицналық ұйымдар өкілдерінің тарапынан ешқандай сайлау тәртібін бұзушылық немесе ауытқушылық, дау-дамайларда көрініс тапқан жоқ. Барлық әріптестеріме бірлесіп атқарып жасап жатқан жұмыстары үшін алғыс білдіремін! Жүзден жүйрік шыққан үміткелерге сәттілік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымағы жарасқан заман болсын!