Бір пәтерге 548 адамды тіркеуге қойған

Бір пәтерге 548 адамды тіркеуге қойған

Жалпы, жыл басынан бері тір­келген мекенжайда іс жүзінде тұрмайтын 24 мыңға жуық азамат тіркеуден шығарылды. Олардың ішінде әкімшілік ғимараттарға тіркелген азаматтар да бар. Ал көші-қон заңнамасын бұзған тұр­ғын үйлердің иелеріне айыппұл са­лынды.

«Айталық, көші-қон қызметі қызмет­керлері К.Әзербаев кө­шесіндегі үйлердің бірінде 2016 жылдан бері 259 адам тұрақты тіркеуге тұрған пәтерді анықтады. Дәл осы пәтерде 289 адам уа­қытша тіркеуге алынған. Бұған қоса, осы жылдың тамызында ғана «пысық әйел» пәтеріне 154 адамды тұрақты тіркеуге қойған. Пәтер иесіне қатысты  Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 493-ба­бымен әкімшілік хаттама тол­тырылды. Отбасының 4 мү­шесінен басқа бұған дейін тіркеуге алынған адамдардың барлығы тір­­кеуден шығарылды», – дейді ведомство өкілдері.
Нұр-Сұлтан қалалық По­лиция де­партаменті көші-қон қызметі көші-қон заң­намасының бұзылуының алдын алу мақ­сатында тұрғындарға тұрғылықты жерлеріне уақытында тіркелуге шақырады. Ме­кенжай мәліметтерінде қай­шылық бол­ған кезде Халыққа қызмет көрсету орта­лықтарындағы көші-қон қызметінің ау­­мақ­тық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Осы жылдың 9 айында елордада 121 мыңнан астам тұрақты және 30 мыңға жуық адам уақытша тіркеуге тұрды. Статистикалық дерекке сәй­кес, соңғы 2 жылда Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Шы­ғыс Қа­зақстан облыстарының тұр­ғындары ел­орда­ға жиі қоныс аударатыны байқалып отыр.  

Тұмар МЫРЗА