Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы аясында бірнеше келісім жасалды

«Айқын» ақпарат
Қазан 14, 2019
Экономика
493
қаралым

Қызылордада жергілікті және республикалық БАҚ журналистері облыс әкімдігі мен Қазақстандық МЖӘ орталығының өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік желісі бойынша салынып жатқан әлеуметтік маңызды нысандарды аралады. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 34 млрд теңгеден астам сомаға 116 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы жүзеге асырылуда. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағы жобалар»,– деді Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.

БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының кезеңдерін көріп, әрбір нысан бойынша толық ақпарат алды.

Қызылорда облысында 4-сынып оқушысы қайтыс болды

Қызылордада көлік қозғалысына шектеу қойылды

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маңызды жобалардың бірі – «Тарлан» спорт кешені. «Тарлан батырлары» ЖШС МЖӘ шарты бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануды қамтамасыздандырады. Мұнда 2 жыл бойы 350 балаға спорттың үш түрі бойынша сабақтар жүргізілуде, олар: бокс, ауыр атлетика және таэквандо.

Облыстағы МЖӘ аясында жүзеге асырылған оңтайлы жобаның бірі – жаңа емхана. Бір ауысымда 400 келушіге арналған емхананың ашылуы 43 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа мекеме заманауи медициналық жабдықтардың арқасында диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізді, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсартты. Бұл жоба бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, өңір 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны іске асыруды жылдамдатты.

Сондай-ақ, биыл облыста қоқыс сұрыптау кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы және Қызылорда қаласында сыртқы инженерлік желілерді жүргізу басталды. МЖӘ жобасының мақсаты – ҚТҚ кәдеге жарату деңгейін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату және көму бойынша тиімді, сенімді және әлеуметтік қолайлы қызметтер кешенін құру.

Жалпы, Қызылорда облысында МЖӘ жобаларының 60%-дан астамы инвесторларды тартуда қиындығы бар ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылған.

30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандағы МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» Форумы аясында Қызылорда облысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жобаларына қол қоюды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – Қызылорда қаласындағы студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту.

 

 

 

 

 
Тегтер: жаңа жобаларҚызылордаМЖӘ
Алдыңғы жаңалық

Никотин мен темекі бойынша форум қатысушыларының пікірталасы қай бағытқа бет алуда?

Келесі жаңалық

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді

Ұқсас жаңалықтар

ипотека, баспана, Отбасы банк, Қазақстан тұрғын үй компаниясы
Жаңалықтар

Ипотекалық ұйымның аты өзгергенмен, заты өзгерген жоқ

Қаңтар 27, 2021
Президент
Саясат

Президент: триллиондарды импортқа жұмсауға қақымыз жоқ

Қаңтар 27, 2021
жалақы
Жаңалықтар

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 2021
Үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев, Асқар Мамин
Жаңалықтар

Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұздықтардың еру жылдамдығы үрей тудыратын жағдайға жеткен

Қаңтар 27, 23:50

Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болатыны айтылды

Қаңтар 27, 23:20

Ақтауда «буынсыз бала» тұрады

Қаңтар 27, 22:45

Оқушыларға шетелдік мектептерде қашықтан оқуға тиым салынды

Қаңтар 27, 22:09

ШҚО-да жантүршігерлік апаттан 4 адам көз жұмды

Қаңтар 27, 21:32

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 27, 21:04

ЭКҰ жасатудың құны қанша?

Қаңтар 27, 20:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мұздықтар

Мұздықтардың еру жылдамдығы үрей тудыратын жағдайға жеткен

Қаңтар 27, 2021
UFC

Қазақ спортшысы UFC-дің ең қауіпті файтері болатыны айтылды

Қаңтар 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»