Пандемия кезінде қандай тағамды жеген зиян?
Пандемия кезінде қандай тағамды жеген зиян?
151
оқылды

РИА Новости хабарлауынша, дәрігер фастфуд, консервілер мен қуырылған тағамдар иммунитетке кері әсерін тигізетінін айтып, пандемия кезінде бұл өнімдерден бас тарту керегін жеткізді.

«Консервілерден бас тарту керек, мұндай  өнімдерде тағамның құндылығы болмайды. Сондай-ақ, қанттан да бас тартқан жөн, өйткені қант бактериялардың көбеюіне әсер етеді", – дейді Ненастина.
Маманның айтуынша, пандемия кезінде балық, теңіз өнімдері, құс еті, сүт өнімдерін көбірек тұтыну керек. Суды да көбірек ішу қажет дейді дәрігер.