Солтүстік Қазақстан облысы карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстан облысы карантинге жабылды
103
оқылды
Бұған – коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың артуы себеп. СҚО бас санитариялық дәрігері Серікбай Қасмақасовтың жаңа қаулысымен бүгін, 9 қазаннан бастап М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласына карантиндік шектеулер енгізілді. Қаулыға сәйкес ресми және жекеменшік жолаушы тасымалдаушыларға Булаев қаласынан басқа елді мекендерге және облыс орталығына жолаушы тасымалдауға тыйым салынды. Қала тұрғындарына да бірнеше шектеу қойылды, яғни бұдан былай:
1) сағат 22.00 мен 6.00 аралығында үйлерінен шығуға шектеу бар, олар тек жұмысқа және медициналық мекемеге баруға, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға, қоқыс шығаруға ғана шыға алады;  2) көршілерінің, туған-туыстарының, дос-таныстарының үйіне баруға тыйым салынды; 3) кешкі сағат 19.00 кейін балаларға ересектерсіз көшеге шығуға шектеу қойылды; 4) 65 жастан асқандар өз-өзін оқшаулау режимін ұстануы тиіс; 5) респираторлық инфекциялардың белгілері пайда болған жағдайда бірден 103 нөмірі арқылы үйге дәрігер шақырту қажет; 6) жерлеу рәсіміне 30 адамнан асырмай, тек туған-туыстары ғана қатыса алады.
Булаев қаласында мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, медициналық мекемелер, қоғамдық тамақтану нысандары, БАҚ, жерлеу рәсімдері қызметі, азық-түлік, құрылыс материалдары, авто және ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін сататын сауда орындарынан басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын тоқтатты.