Атырауда археологиялық жәдігерлер табылды

Атырауда археологиялық жәдігерлер табылды

Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғанынан, б.з.д 2-1 ғасырға тиесілі, Сармат жауынгерінің қаңқасын тауыпты. Қабірдегі 2 метрлік табыттан ежелгі римдік стильдегі темір сауыты бар адамның сүйегі мен ұзындығы 1 метр қылыш шықты.

Сондай-ақ ағаштан жасалған қалқан мен 40 дана жебе, темір және алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, түрлі жоралғыға арналған табақша жауынгермен бірге жерленіпті. Енді құнды жәдігерге бастан-аяқ реставрация жасалады.
- Біз мұны қалпына келтірсек, сол кездегі 2000 жылдық ата-бабамыздың мәдениеті, тарихы, этнографиясынан үлкен мағұлмат береді. Бұл жәдігер Атыраудың ғана мақтанышы емес, - дейді археолог  Марат Қасенов.