«8 қазанда сағат 3-ке таяу бұрынғы жігіті келіншектің үйіне ішіп келіпті. Ол кезде үйде күтуші балалармен отырған. Ал келіншек дәріханаға кеткен болатын Умид үйге баса көктеп кіріп келіп, сүйіктісінің жоғын көріп, бірден сыртқа шығып кеткен. Сөйтсе, ол аула ішінде тығылып қалыпты», - деп жазды ол Facebook-теші парақшасында.
Оның айқайын ести сала құрбысы далаға жүгіріп шыққан. Бірақ оны көрген жігіт қылмыс үстінен қашып кетті. Содан құрбысы бірден полиция шақыртқан. Негізі ол бұған дейін де оны ұрып-соққан екен. Үй-мүлкін сындырып-талқандағаны былай тұрсын, көсеумен қолын сындырып, басына дейін жарған. Полицияға 5 рет арызданған, бірақ олар ешқандай шара қолданбапты. [embed]https://www.facebook.com/NeMolchiKZ/posts/1481634262026092[/embed] Өздері бар болғаны жарты жылдай ғана тұрыпты.Бала күтушісі бірден келіншекке бұрынғы жігіті келіп кеткенін телефонмен хабарлап ескерткен. Катя бірге тұрған азаматының сырын білгендіктен құрбысына үйіне дейін шығарып салуын өткінген. Үйге қайтып келгенде аулада ешкім көрінбеді. Содан Катя ауладағы әжетхана барып келмекші болып, құрбысын үйге кіре беруін өтінген. Ол үйдегі бала күтушісін жіберуі керек еді. Міне, сол мезетті ер адам пайдаланған. Үйге жақындай берген Катяны сөзге келместен бас салып, балғамен ұра жөнелген.