Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

48 адам ата-аналық құқықтарынан айырылды – Алматы облысы

А.Ахметқазы
Қазан 9, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
ата-ана
137
қаралым

Кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың барын жасыру мүмкін емес. Алматы облысы бойынша биылғы жылы 429 мың 141 оқушы білім алса, соның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 354 кәмелетке толмаған балалардың бары анықталған. Бұл туралы Aikyn.kz порталына JETISÝ MEDIA хабарлады.

Қазіргі кезде ювеналдық полиция инспекторларымен аталған тұлғалар бақылауға алынып, әрқайсысымен жеке алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Осы мақсатта 182 мектеп инспекторы 760 орта білім беру мекемесімен бірлесе қызмет атқаруда. Сондай-ақ 596 «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары құрылған.

Білім және ғылым вице-министрі 1 наурыздан бастап оқушылар қалай оқитынын айтып берді

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Бүгін астанада оқушылар мектепке бармайды

Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда төмен дейді жауаптылар. Дегенмен, сандарды сөйлетсек қауіптің беті сейілмегенін аңғаруға болады. Ағымдағы жылы 9 айдың ішінде кәмелетке толмағандармен істелген 110 қылмыстық әрекеттер тіркелген. Полиция подполковнигі, ювеналды полиция бөлімінің бастығы Медет Құнанбаевтың айтуы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 66 жасөспірім жеткізілген. Аз көрсеткіш емес екені  анық. Қайтпек керек?

Жастар тәрбиесі қашанда нысанаға алынған мәселенің бірі. Бұл тұста жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы профилактикалық іс-шаралар негізінде жүйелі түрде жүргізілетінін атап өткен жөн.

Білім ошақтарында  «Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңестері», «Қыздар», «Ұлдар» ұйымдарының отырыстары айына бір рет өткізіліп, тәрбиеге қатысты өзекті мәселелер талқыланып отырады.

Сонымен қатар, ювеналды полиция бөлімі мен білім беру ұйымдары  кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссияларымен тығыз байланыста қызмет атқарады.

«Ағымдағы жылы комиссиялардың қарауына 279 іс-құжат жолданды, оның ішінде ата-аналық құқығынан айыру бойынша – 48, ата-аналық құқықтарына шектеу қою – 31, жасөпірімдермен жасалған қылмыстар бойынша – 42, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – 127, жасөспірімдерді ерекше режимдегі білім беру мекемелеріне жолдауға – 4 және девианттық мінез-құлықты балаларға арнайы білім беру ұйымына жасөспірімді жолдауға – 13 іс-құжат жолданған» – дейді Медет Құнанбаев. 

Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Полиция департаментінің қалалық, аудандық бөлімдерімен ұдайы негізде рейдтік шаралар өткізіліп, құқық бұзушыларға заңда көзделген шаралар қабылдануда.

Бұл ата заң аясында атқарылған жұмыстардың бір көрінісі. Түбіне бойласақ жастардың жағымсыз іске барып, шалыс басуына тоқтау салу қоғам ісі. Бір ғана мекеменің мойнына ұлттың ұландарының келешегін арта салу енжар елге ғана  тән әрекет. Жауапкерлішік баршаға тең. Бір ұл ортаны, бір қыз ұлтты тәрбиелеуші құрал екенін есте сақтайық.

 
Тегтер: алматы лблысыата-анакәмелетмектепоқушы
Алдыңғы жаңалық

Луиза Глюк – Нобель сыйлығының иегері

Келесі жаңалық

Мектептерді бейнебақылаумен қамту аяқталады

Ұқсас жаңалықтар

Талғар, дәрігер, хирург, науқас
Жаңалықтар

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 2021
Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын
Әлеумет

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 2021
ауа райы, қар, жаңбыр, жел, боран
Жаңалықтар

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 2021
баспана
Әлеумет

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 07:48

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 07:30

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 07:17

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 07:05

Шымкентте базардағы қойма өртенді

Наурыз 2, 07:00

Жамбылда Алғыс айту күні айрықша аталып өтті

Наурыз 2, 06:45

Жақсылыққа үндеген акция

Наурыз 2, 06:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Талғар, дәрігер, хирург, науқас

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 2021
Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»